КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТІЛДІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖЕҢУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Authors

  • Исмайлова Нұргүл Ахметханқызы Author

Abstract

Қоғамның цифрлық дамуы адамның күнделікті өміріне айтарлықтай өзгерістер енгізуде. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар білім беру, бизнес, медицина және басқа да көптеген салаларда негізгі құралға айналғанымен, адам мен машина арасындағы тиімді қарым-қатынас орнатуда әлі де шешілмеген мәселелер бар. Олардың бірі – тілдік кедергі.
Машинаның адам тілін түсінуі және оған жауап беруі – жасанды интеллект жүйелерінің негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта дамып келе жатқан компьютерлік лингвистика – тіл мен технологияның түйіскен тұсында пайда болған жаңа ғылыми сала. Ол тілді компьютер арқылы талдап, өңдеуді мақсат етеді. Жасанды интеллект болса, осы процестерді жүзеге асыру үшін қажетті алгоритмдер мен модельдер ұсынады.
Компьютерлік лингвистика – тіл құрылымын сандық әдістермен зерттейтін пәнаралық ғылым. Бұл сала лингвистика, математика, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларымен тығыз байланыста. Компьютерлік лингвистика тілдік деректерді талдауға және оларды автоматты түрде өңдеуге бағытталған, сонымен қатар, грамматика, морфология, семантика және прагматика сияқты тілдік аспектілерді зерттейді.
Жасанды интеллект (ЖИ) – адамның интеллектуалдық қабілеттерін компьютер арқылы модельдеуге бағытталған технология. Соңғы жылдары ЖИ табиғи тілмен жұмыс істейтін жүйелерде кеңінен қолданыла бастады, бұл бағыт табиғи тілді өңдеу (Natural Language Processing – NLP) деп аталады. NLP технологиясының көмегімен компьютер сөздерді таниды, олардың мағынасын түсініп, өңдейді және логикалық жауап береді. Қазіргі уақытта мұндай жүйелердің ең танымал үлгілері ретінде Google Translate, ChatGPT, Yandex Translate сияқты бағдарламалар ұсынылады.

Downloads

Published

2025-08-04